Жаңалықтар

Елордада тағы бір автобустың бағдары өзгерді

19 тамыздан бастап №60 қоғамдық көліктің бағдары өзгереді
Елордада тағы бір автобустың бағдары өзгерді
Фото: 24.kz 18.08.2022 10:00 875

№60 қоғамдық көлігі Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайды, деп хабарлайды El.kz

«City Transportation Systems» ЖШС осылайша сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады.

«Бағдар қозғалысы келесідей: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Ж.Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін», - деп жазды қызмет көрсету мекемесінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға