Жаңалықтар

Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды

Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды
Фото: Pixabay.com 28.03.2023 12:38 599

Астанада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы I komek қызметі мәлімдеді.

«Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр.

04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде болады,

09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда

12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда

14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда

18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда

00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда» делінген хабарламада.

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды.

Жаңа ССС құрылысының аяқталуы - ағымдағы жылдың жазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға