Жаңалықтар

Елордада су тасқыны қаупі жоқ - Астана қалалық ТЖД

Елордада су тасқыны қаупі жоқ - Астана қалалық ТЖД
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.03.2024 14:11 381

Елордада су тасқыны кезеңінің өтуі туралы баспасөз конференциясы кезінде Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Бақытжан Мауленбердиев осылай айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласы ТЖД мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, алдағы су тасқынының алдын ала бастады. 2023 жылдың қыркүйек айында қала су тасқынының қаупі бар учаскелік комиссиялар тексерілді. 20 учаске бойынша аудан әкімдерінен қажетті іс-шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді.

Қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды. Тұрғын үй секторларының тұрғындарымен түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Үгіт материалдары табысталып, ықтимал учаскелерге 120 рейд жүргізілді. Бұдан басқа су тасқынының кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, теледидарда, радиоэфирде, бейнероликтерде, сайттарда, әлеуметтік желілілерде мессенджерлер, мақалалар жарияланды. Бүгінгі таңда коммуналдық қызметкерлердің көмегімен қаладан 66,5 млн текше қар шығарылды. 55 мыңнан астам метр арық науқандар желісі, 9 мыңнан астам метр коллектр, 2 мыңнан астам жаңбыр қабылдағыш құдықтар тазаланды. 6 мың метр құбырлар буланды, - деп нақтылады басқарма басшысы.

Бақытжан Мәуленбердиев төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізу бойынша 12 меморандум жасалынғанын да айтып өтті.

Жалпы саны 2260 орындық төтенше жағдай кезінде халықты орналастыру бойынша 7 қонақ үймен меморандум жасалған және зардап шеккендерді қабылдау бойынша 16 пункт дайындалған. Су тасқыны құбылыстарына уақытылы ден қою мақсатында жеке құрамның 599 адамы, 156 бірлік техникасы, 65 мотопомпасы тұратын азаматтық қорғау қызметі тобы құрылды. Ақмола облысындағы Қоянды ауылын қар суынан тазалау жұмыстарына жеке құрамнан 20 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылған, - деді ол.

Төтенше жағдайлар департаменті қардың көп еруі кезінде ұсыныстарға құлақ асып, үй маңындағы аумақты, жол бойындағы қарды уақытылы тазалау, үйден ағынды сулар мен су өткізгіш құбырларға су бергіш бұрыштар орнатуға шақырды. Су басқан жағдайда 109 нөмірі арқылы Ikomek орталығына дереу хабарлау қажеттігі ескертілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға