Жаңалықтар

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Қылқалам шебері бүгінге дейін 80-ге жуық сурет салған
Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр
Фото: El.kz 23.11.2022 15:51 2772

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында суретші-аниматор, иллюстратор Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты кезекті сурет көрмесі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Қылқалам шеберінің осы уақытқа дейін салған 76 суреті бар. Көрмеде оның 45-і тұр. Суретші идеяны күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік мәселелерден, журналистерден аламын дейді.

«Әлеуметтік желіде журналистер өзінің ұсынысын айтып тұрады. Сосын оның суретін салып шығамын. Негізінен әлеуметтік тақырыптарды қозғаймын», - деді ол.

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Аңсаған Мұстафа суреттерінде әлеуметтік мәселелер, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық, ішімдік, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сынды әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Көрмеге қатысуға мектеп оқушылары мен студенттер, көркем өнермен айналысатын шеберлер және өнерсүйер қауым келді. Өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.

Көрмеде білім алушы «Сізге бір сурет салу үшін қанша уақыт керек?» деп сұрақ қойды.

«Суретті салмастан бұрын ұзақ уақыт ойланып жүремін. Кейін шамамен 30 минут пен 1 сағаттың ішінде салып тастаймын», - деп жауап берді Аңсаған Мұстафа.

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Елордада «Сөйле, сурет!» атты графикалық сурет көрмесі өтіп жатыр

Бүгінде иллюстратордың суреттері әлеуметтік желіде кеңінен танымал. Аңсаған Мұстафаның шығармашылығы шетелдегі көрмелерге де шығып тұрады. Оған қоса қылқалам шебері жейдеге ұлттық нақыштағы әртүрлі тақырыптағы суреттерді салумен айналысады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға