Жаңалықтар

Елордада синтетикалық есірткі таратушылар тобы қолға түсті

Елордада синтетикалық есірткі таратушылар тобы қолға түсті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 29.05.2024 21:44 500

Астанада сақшылар синтетикалық есірткі таратушылар тобын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада есірткі таратумен айналысқан топты құрықтады.

Тергеу барысында 27 және 25 жастағы екі қатысушы есірткіні жеткізуге, қаржыландыруға және сақтауға жауапты негізгі ұйымдастырушылары екені белгілі болды. Топтың қалған мүшелері елорда аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Тінту кезінде 330 бума есірткі заттары, электронды таразылар, көптеген магниттер мен қапшықтар табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 1 келіні құраған. Олар мефедрон, MDMA (экстези), Alfa PVP (скорость) сияқты синтетикалық препараттар.

Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға