Жаңалықтар

Елордада шетелдік азаматтан жолақыға 45 мың теңге алған такси кінәсын мойындады

Елордада шетелдік азаматтан жолақыға 45 мың теңге алған такси кінәсын мойындады
Фото: Видеодан кадр 25.11.2023 16:19 629

Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын хабарлады.

Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді. Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу), 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып отыр, - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға