Жаңалықтар

Елордада «Шекарасыз музыка» атты концерт өтті

Елордада «Шекарасыз музыка» атты концерт өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 25.02.2024 16:08 408

«Астана Опера» сахнасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шекарасыз музыка» атты опералық-симфониялық концерт өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Концерттің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» оркестрінің орындауындағы Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашты. Дж.Россинидің аттас операсынан Семирамиданың ариясын Салтанат Ахметова орындады. Қазақтың халық әні «Япурай» әнін баритон Дінмұхамед Көшкінбаев орындады.

Петр Чайковскийдің Оркестр мен виолончельге арналған Рококо тақырыбындағы вариацияларын әйгілі виолончельші Сергей Ролдугин ұсынды.

Музыкалық кешті Д.Шостаковичтің Оркестр мен скрипкаға арналған №1 концертін орындаған  скрипкашы Павел Милюков  аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға