Жаңалықтар

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді
Фото: El.kz 19.04.2023 18:50 754

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді. Бұл туралы Бибісара Асаубаева Кубогі турнирінің аясында ұйымдастырылған баспасөз отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Отырысқа FIDE шахматтан 14-ші әлем чемпионы Владимир Крамник, блицтен экс әлем чемпионы және әлем кубогының екі дүркін иегері Левон Аронян мен «Satty Zhuldyz» АҚ президенті Александр Тен қатысты. Сондай-ақ, әлемнің мықты шахматшылары арнайы шақырылған.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 300 жас шахматшы қатысады. Турнирдің алғашқы кезеңі ертең өтеді.

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді

Осыдан тура 10 жыл бұрын шахмат спортыма деген алғашқы қадамымды жасадым. Көптеген турнирлерді бақылап, жетістікке жеттім. Арман-мақсаттарым орындалды. Алда өтетін турнир де менің атымнан ұйымдастырылып жатыр. Әрине, өте қуаныштымын және жас спортшылар да өзінің қарым-қабілетін көрсеткенін қалаймын, - деді Бибісара Асаубаева.

Турнирге қатысатын жас шахматшылардың ішінде мықты спортшылардың қатары көп болады деп үміттенетінін айтты.

Сондай-ақ, турнирдің өтуіне атсалысқаны үшін Александр Тенге өз алғысын білдірді.

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді

Қазақстан шахматтан «бум» жасауда. Шахмат спорт саласына жаңа толқын мен леп алып келді. Елімізде ерлер арасындағы шахматтан, әйелдер арасындағы шахмат ойыны өте танымал және белсенді. Біздің шахматтағы жетістіктерімізді бүкіл әлем біледі. Бұл біз үшін өте үлкен құрмет, - дейді Бибісара Асаубаева.

Асаубаева атынан өтетін турнирге қолдау көрсетіп, жетекшілік еткендердің бірі Александр Тен. Ол Бибісараның осындай қолдаусыз-ақ ауқымды турнир өткізуге мүмкіндігі мен қарымы бар екенін айтты.

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді

Жас спортшыларды, жас шахматшыларды қолдау өте маңызды. Шахмат – интелектуалды, зияткерлік спорт түрі. Сондықтан оны дамыту керек. Шахматқа қызығушылық танытып, бет бұрып жатқан жастарды да көп байқауға болады. Тіпті, бұл спорт түрін менің әкем де қатты жақсы көреді және өте жақсы ойнайды, - деді Александар Тен.

Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға