Астанада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің салалық волонтерлікті дамытуға арналған кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы стратегиялық серіктестік аясында әзірленген әдістемелік құралдарды таныстырды.
Іс-шараға волонтерлікті дамытуға жауапты салалық ведомствалар қатысты. Олардың қатарында Ішкі істер министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері бар.
Қатысушылар мемлекет пен волонтерлік ұйымдар арасындағы өзара тиімді ыртымақтастықты талқылап, тәжірибе алмасты және салалық волонтерлікті ұлттық деңгейде енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Әдістемелік құралдарда нұсқаулықтар мен үздік тәжірибелер жинақталған. Аталмыш басылым түрлі секторлардағы волонтерлік қозғалысты жүйелі дамытуға бағытталған. Бұл – мемлекеттік органдарға волонтерлермен ашық әрі нәтижелі байланыс орнатуға арналған көмекші кұрал.
Салалық гранттар жобасы аясында төтенше жағдайлар, экология, медицина, әлеуметтік қорғау, мәдениет және зооволонтерлік салалары бойынша 60 шағын грант бөлінді. Салалық волонтерлік мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайтып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Елордада салалық волонтерлікті дамытуға арналған әдістемелік құралдар таныстырылды
Оқи отырыңыз
23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?