Жаңалықтар

Елордада садақ атудан «Астана Гран-приі» халықаралық турнирі өтеді

Елордада садақ атудан «Астана Гран-приі» халықаралық турнирі өтеді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 24.06.2024 21:40 457

«Астана Гран-приі» III халықаралық турнирі елордада 27 маусымнан 3 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, турнир «Qazaqstan» спорт кешенінің артындағы алаңда өтеді.

Биыл оған Колумбия, БАӘ, Пәкістан, Швейцария, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдердің спортшылары қатысады.

Бұл турнир алғаш рет 2021 жылы өткізіліп, жақын және алыс шетелдерден ең үздік садақшылардың, олардың арасында атақты спортшылардың, Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің, Еуропа және Азия чемпиондарының басын қосты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға