Елордада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті

Елордада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 24 қазан «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне арналған экологиялық акциялар өтті, деп хабарлайды El.kz. 

Акцияларға коммуналдық қызмет мамандары, ПИК және МИБ өкілдері, кәсіпкерлер, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараларға барлығы 7 мыңнан астам адам қатысып, 240-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Елорданы көгалдандыру аясында 370-ке жуық ағаш отырғызылды. Олардың қатарында алма ағашы, қарағаш және қайың бар. Қатысушылар аумақтарды санитарлық тазалап, қоғамдық кеңістіктерді абаттандырды.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 180 аула ретке келтіріліп, 25 саябақ пен гүлзар, сондай-ақ 15 мәдени ескерткіштің айналасы тазартылды.

Жұмыс кәсіпкерлік нысандарының, қоғамдық тамақтану орындарының және басқа да ұйымдардың іргелес аумақтарын да қамтыды.

Айта кетейік, Республика күніне орай Астанада мәдени, қоғамдық, спорттық, білім беру және патриоттық бағытта 120-дан астам іс-шара өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз