Жаңалықтар

Елордада қысқы кезеңге дайындық жұмысы басталды

Елордада қысқы кезеңге дайындық жұмысы басталды
Фото: © ОКҚ 30.06.2023 12:53 636

Астанада қысқы кезеңге дайындық жүріп жатыр. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жылыту маусымы басына дейін жалпы қуаты сағатына 1130 гега калорийді құрайтын үшінші жылу электр орталығының бірінші кезегімен газ жылу станцияларының құрылысын биыл аяқтайтындарын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда газға 12 мыңнан астам абонент қосылды. Бірінші және екінші жылу электр орталықтары 16 қазандықтағы газға ауыстырылып, 17 автономды жылу станциялар газға қосылды, - деді әкім.

Сондай-ақ Жеңіс Махмудұлы қалалық ортаны абаттандыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Негізгі қалалық саябақтарды қайта жөндеу, қаланың көшелерін көгалдандыру жұмыстарына кірістік. Биыл жалпы 15 қоғамдық кеңістік пен 150-тен астам аула абаттандырылады. Көгалдандыру мәселесіне де айтарлықтай назар аударылды. Осы жылы 1 миллионға жуық жасыл желек отырғыу жоспарлануда. Оның ішінде 452 мың жасыл желек қалада, қалғаны елорда жанындағы «жасыл белдеу» аумағында отырғызылады, - деді ол.

Оған қоса Жеңіс Қасымбек жыл басынан бері 1 миллион 215 мың шаршы метр тұрғын үй салынғанын мәлімдеді.

Жыл соңына дейін 3-3,5 миллион шаршы метр үй салу жоспарда бар. Бұл шамамен 40 мың пәтер, оның ішінде 6 мың пәтер мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, - деді Жеңіс Махмудұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға