Жаңалықтар

Елордада қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты өтеді

Елордада қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты өтеді
Фото: Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы 13.06.2023 15:02 684

16-18 маусым аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысты Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы

Ұйымдастырып жатыр.Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті қолдау көрсетеді.

Әлем чемпионатына 28 елден (Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Тайланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан)  300-ге жуық спортшы қатысады.

Чемпионат «Жекпе-жек» (8 ерлер, 6 әйелдер және 2 абсолютті салмақ категориялары) және «Өзін-өзі қорғау» (11 ерлер, 5 әйелдер салмақ категориялары) түрлері бойынша өтеді.

Чемпионат бағдарламасы:

16 маусым,  «Өзін-өзі қорғау»(қатысушылар қарусыз және қарулы шабуылдан өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетеді):

10.00-13.00 алдын ала кездесулер;

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер. Марапаттау.

17 маусым, «Жекпе-жек»:

10.00-13.00 алдын ала кездесулер;

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер.

18 маусым, сағ. 17.00-20.00:

Әлем чемпионатының ашылуы. Финалдық жекпе-жектер. Марапаттау.

Чемпионаттың соңғы күні әлемнің ең мықты спортшылары арасындағы әсерлі шайқастар арасындағы үзілістерде жанкүйерлер назарына отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттік бағдарлама ұсынылады.

Чемпионаттың 16-17 маусымда өтетін кездесулеріне кіру тегін. 18 маусымда өтетін финалға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға