Жаңалықтар

Елордада «Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесері өтті

Жаңа адамдардар және жаңа Қазақстанның құндылықтары туралы балаларға арналған бояу кітапшалары шығарылды
Елордада «Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесері өтті
Фото: Еl.kz 28.01.2023 17:15 1241

Елордада «Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесері өтті. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түсаукесерге 4-12 жас аралығындағы балалар мен 300-ге жуық ерікті қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге «Бейбітшілік», «Қазақстан», «Тәуелсіздік», «Талант», «Кәсіпкерлік», «Келісім», «Жауапкершілік» және «Сенім» тақырыбындағы суреттерді салды. Кітапшада суреттермен қатар, ақын-жазушылардың өлең жолдарынан үзінділер жазылған.

Сонымен қатар, «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығынан да балалар қатысты. Балалар арасында түрлі ойындар ойнатылып, жаттығулар жасады. Шараға қатысқан барлық балаға арнайы сыйлықтар мен бояу кітапшалары берілді. Сондай-ақ, шарада балалардың сүйікті блогері Амина Витаминка қоңақта болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға