Жаңалықтар

Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.05.2023 10:07 494

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылындағы жолға орташа жөндеу жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Орташа жөндеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты биыл 31 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жол-құрылысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды және қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға