Жаңалықтар

Елордада паркингте тұрған көлік өртенді

Елордада паркингте тұрған көлік өртенді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 06.06.2023 14:13 733

Елордадағы тұрғын үй кешенінің бірінде көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 6 маусымда сағат 11:56 Астана қаласының Мұхамедханов көшесіндегі ТК паркингінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін жеткен. Автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды.

Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде, - делінген мәліметте.

Елордада паркингте тұрған көлік өртенді
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Құтқарушылардың мәліметінше, арнайы машинаның көмегімен желдетілмейтін паркингтен түтін шығарылуда.

Түтін шығаратын өрт сөндіру машинасы өрт орнына жеке құрамды және өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, ғимараттар мен құрылыстардан түтін шығаруға, үй-жайларды желдетуге арналған, - делінген мәліметте.

Елордада паркингте тұрған көлік өртенді
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Елордада паркингте тұрған көлік өртенді
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға