Жаңалықтар

Елордада өткен түні 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Елордада өткен түні 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 05.12.2023 10:00 552

Астаналық Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен түні елорда жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек, - деп еске салды Астана Полиция департаменті.

Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға