Жаңалықтар

Елордада отбасы күніне орай «Otbasy Duatlon 2023» жарысы өтті

Елордада отбасы күніне орай «Otbasy Duatlon 2023» жарысы өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 27.09.2023 23:13 415

Астанадағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға 60-тан аса отбасы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайыс Отбасы күніне орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласында тұратын, ниет білдірген отбасылар қатысты.

Сайыстың ашылу салтанатына «Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының» басшысы Самат Жылқыбаев және жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, ережемен таныстырды.

Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды құрады. Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді.

Сайыс жеңімпаздары:

8-9 жас:

1-орын: Вишнековтар отбасы;
2-орын: Өтегеновтер отбасы;
3-орын: Тоқтаровтар отбасы.

10-11 жас:

1-орын: Пономаревтар отбасы;
2-орын: Нұрмахановтар отбасы;
3 орын – Бежнаровтар отбасы.

12-13 жас:

1-орын: Толтебаевтар отбасы;
2-орын: Еркеновтер отбасы;
3-орын: Вишнековтар отбасы.

Қатысушы отбасыларға атысқаны үшін медальдар мен сыйлықтар, ал I, II, III орын жеңімпаздарына дипломдар, теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, «Winox» фитнес орталығынан арнайы сертфикаттар секілді бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға