Жаңалықтар

Елордада онлайн-контент жасаушылардың VI форуымы өтті

Елордада онлайн-контент жасаушылардың VI форуымы өтті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 28.04.2023 18:05 933

Бүгін Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Форумның ашылуына Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Жиын аясында өткен пленарлық отырыстарда танымал медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар мен блогерлер қазақтілді онлайн медианы дамытуға қатысты ауқымды мәселелерді талқылады.

Көпшіліктің сүйікті әншісі Мархаба Сәби бүгінгі форумның хедлайнері ретінде арнайы шақыртылды. Ол жиынға қатысушылар үшін сағат 18:30 – 20:00 аралығында өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара елімізде 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен «Business Event&Rent» агенттігі бірлесе ұйымдастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға