Жаңалықтар

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.09.2023 20:32 2307

Астанада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына арналған мерейтойлық шара өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Алдымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай Мемлекет басшының құттықтау хатын оқыды.
Құрметті ҰОК ұжымы баршаңызды ҚР ҰОК құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл елімізде ерекше орны бар ұйым. Сіздер олимпиадиа құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар олимпиадиа ойындарында, әлем біріншіліктерінде және Азия чемпионаттарында ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңылақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасында алтын әріппен жазылды. Мемлекет олимпиадия қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз халықаралық олимпиадиа комитетінен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін!, – делінген Президенттің құттықтау хатында. 

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

ХОК президенті Томас Бах Қазақстан халықаралық спорттық шараларды өткізуде тамаша ұйымдастырушы және қонақжай ел ретінде өзін танытқанын, 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарына Қазақстанның олимпиадалық өтінішін барлық олимпиадалық спорттық қауымдастық жоғары бағалағанын атап өтті.

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Бүгінгі мерейтой – сіздер үшін ғана емес, біздің барлық Олимпиадалық отбасымыз үшін маңызды оқиға.  Сондықтан мен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және менің досым Тимур Құлыбаевтың тиімді басшылығымен жұмыс жасап отырған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің барлық командасына өз елдеріңіздің  әр түпкірінде спортты ілгерітуде атқарып жатқан істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. 79 олимпиада медалін тарту еткен спортшыларыңыздың жоғары жетістігі - ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш.  Бұл мақтануға тұрарлық жетістіктер, - деді ХОК президенті Томас Бах.

Спорт ардагерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медальдар табыс етілді. Олардың қатарында әр жылдары олимпиада чемпиондары атанған бокстан олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Серік Сапиев, жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, грек-рим күресінен олимпиада чемпионы  Юрий Мельниченко,  олимпиада ойындарында  бокстан жеңіске жеткен  Иван Дычко, Болат Жұмаділов тағы басқалары бар. 

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

ҚР ҰОК спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов өз сөзінде Президент бұқаралық спортты соның ішінде жасөспірімдер мен балалар арасындағы спорт деңгейін көтеруге тапсырма бергенін тілге тиек етті. 

Бұл өте орынды, себебі бұқаралық спорт дамымай, спорттың деңгейі көтерілмейді және үлкен жетістік болмайды. Қазіргі таңда ҰОК өзі тарапымыздан осыған баса назар аударып, олимпиадалық спортты насихаттауда жұмыс атқарып жатырмыз. Спорттық федерация біздің спортшыларға олимпиадалық стипендия беруде,- деді ол.

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Сондай-ақ ол туризм және спорт министрлігімен бірігіп, алдағы жарыстарға спортшылар жолдама алуға дайындалып жатқанын тілге тиек етті. Олимпиадиа чемпионы Серік Сәпиев қазақ спортшыларына сенетінін және алдағы Азия, Париж ойындарында спортшылардың жүлде алуына тілектес екендігін және бокстан алтын медаль күтетінін айтты.

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Елордада олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға