Жаңалықтар

Елордада мұғалімдер екі ай бойы жалақы алмаған

Елордада мұғалімдер екі ай бойы жалақы алмаған
Фото: © El.kz 07.11.2023 12:45 629

Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы талдау барысында мектептің 133 мұғалімі мен жұмыскерлерінің еңбек құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді, - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленді, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға