Жаңалықтар

Елордада көркем гимнастикадан қала чемпионаты өтті

Елордада көркем гимнастикадан қала чемпионаты өтті
Фото: gov.kz 01.04.2023 16:45 1473

Чемпионатқа 300 ден астам елордалық көркем гимнасшылар қатысты. Жарыс жақында ғана көркем гимнасшыларға пайдалануға берілген спорттық залда өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз Жолдаулары мен тапсырмаларында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне бірнеше рет назар аударды. Елордада бұл бағытта нақты жұмыстар жүріп жатыр – спорт нысандары салынып, түрлі жастағы тұрғындарды қамтитын секциялар ашылып жатыр. Жуырда ғана елордадағы көркем гимнастика шеберлеріне жаңа жаттығу залы беріліп, инрфақұрылымға қатысты мәселе шешілген болатын. Енді, міне, сол жерде алғаш рет қалалық ашық чемпинат ұйымдастырылды.

«Биылғы жарысымыз жаңа ғимаратта өтіп жатыр. Бастысы бұл ғимарат көркем гимнастиканың талаптарына сай. Бұл орталықтың ғимаратын жалға алдық. Қазіргі таңда қыздарымыз дайындалып жатыр, балалар өте қуанышты. Аталмыш чемпионат жыл сайын наурыз - мамыр айында дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Осы жарыста Астана қаласының құрама командасын анықтайтын боламыз. Суырылып шыққан үздіктер алдағы көптеген жарыстарға қатысуға жолдама алады. Бүгінгі таңда мақсатымыз - көркем гимнастиканы елордада кеңінен дамыту және олимпиада тұрғысынан жас буынды дайындау», - дейді Астана қаласының көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілхайыр.

Үміткерлер бірнеше жас деңгейі мен гимнастиканың бірнеше бағыттары бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың нәтижесінде қалалық құрама жасақталды. Іріктеуден өткен спортшылар алдағы халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларға кешенді дайындықты бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық гимнастар жуырда ғана Грекия астанасы Афиныда өткен көркем гимнастикадан VIII «Афродита Кубогы» атты халықаралық турнирден төрт бірдей жүлделі орынды иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға