Жаңалықтар

Елордада көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жүріп жатыр

Елордада көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 27.03.2023 09:17 751

Қыс мезгілінен кейін қаланың барлық ауданында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Таңертеңнен кешке дейін елорданың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде қаланың коммуналдық қызметтері санитарлық тазалық жұмысын жүргізеді.

Осылайша, көпірлер, қоршаулар, тротуарлар, жол және көрсеткіш белгілері жуылады. Гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және тағы да басқа қоқыстан тазартылады.

Ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын шаң мен кірден тазартуға ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.

Айта кету керек, тұрғындар тарапынан да тазалық сақталуы керек, қаланы осылайша әдемі, жайлы және таза күйінде ұстауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға