Жаңалықтар

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 07.07.2023 17:30 990

Елорданың 25 жылдығына арналған Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Kitap Fest» кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кітап фестивалі 3 күн қатарынан EXPO алаңында өтті. Онда қазақтың ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар, шетелдің белгілі жазушыларының да шығармаларын кездестіруге болады.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Фестивалде балаларға арналған шығармалар, отбасылық, ғылымға, саясатқа және өнер-білім тақырыбындағы еңбектердің қатары көп. Балаларға арналған боямақтар мен интеллектуалды ойын құралдарын да байқауға болады.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі 18 кітапхана орталығын бүгінгі фестивалден көруге болады. Фестивалде кітапты сатып алуға да, айырбастап алуға және тегін алуға мүмкіндік жасалған.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Кітапханашы Сағаткүл Сейдахметова  бүгінгі фестивалде мыңнан астам кітапты елордалықтарға тегін таратқанын айтты.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Астананың қолайсыз, жаңбырлы ауа райына қарамастан кітап фестиваліне келушілер қатары аз емес.

Сондай-ақ, Қуыршақ театры балаларға арналған «Алдар көсе» атты қойылымдарын тарту етті. Түрлі сурет салу сабақтары да өтті.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Шығармашылық алаңдарда кітап оқудың пайдасы, балаларға қандай кітап оқу керек және кітап оқуға ынталандырудың жолдары мен кітап фестивалінің маңызы жөніндегі тақырыптарда дискуссия өтті. Оған шығармашылық ортада жұмыс істейтін арнайы меймандар қатысып, түрлі сауалдарға жауап берді. Жаңа кітаптардың тұсауы да кесіліп жатты.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Сонымен қатар, елордалықтар мен қала қоңақтарына арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылған. Фестивал төрінде, ашық аспан астында күмбірлеген домбыраның даусы шертіліп тұрды.

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

Елордада кітап фестивалінде мыңнан астам кітап таратылды

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға