Жаңалықтар

Елордада кәріз жұмыстарына байланысты екі көше жабылады

Елордада кәріз жұмыстарына байланысты екі көше жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 23.08.2023 23:13 713

Астана қаласында тұрмыстық кәріздің магистральдық желілерін салу жөніндегі жұмыстардың басталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келіскен.

Осыған байланысты 24 тамыздан бастап 10 қазанға дейін «Дива» тұрғын үй кешені ауданындағы Әйтеке би көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің қиылысында көлік қозғалыс кезең-кезеңімен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға