Жаңалықтар

Елордада «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті басталды

Елордада «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті басталды
Фото: El.kz 19.05.2023 19:25 607

Астана қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қолдауымен құрылған «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары мен жастар арасында музыка және музыкалық аспаптарды кеңінен насихаттау және бос уақытын тиімді өткізу. 

Елордада «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті басталды

 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын игеру үшін өнер және мәдениет саласы бойынша 70-тен астам қатысушы бәсекелестікке түскен. Олардың ішінен Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің 1-курс студенті Ертай Мамырбеков жеңіске жетіп, өзінің «Juzz Band» атты 5 жігіттен тұратын тобын құрды. Топтың аты Darkhan juzz лақап атымен танымал әнші Дархан Жүнісбековтың құрметіне қойылды. 

Елордада «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті басталды

Концертте Қазақ ұлттық өнер университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Ғайни Мұхтарова «Juzz Band» тобының тұсаукесер концертіне құттықтау сөзін арнады.

Елордада «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті басталды


Бүгін біздің университет үшін қуанышты күн.  Себебі колледж студенті Ертай Мамырбеков «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грант ұтып алды. Өзінің кереметтей тобын құрды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш! Ертайды алда жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін, - деді ол.  

Сахнада Ғайни Сейсенқызы Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдығына орай Ертай Мамырбековке сый-сияпатын ұсынды.

Сондай-ақ Ертай Мамырбековтың әкесі Жасболат Тәшкенбаев ұлының кішкентай кезінен бері өнерге жақын екенін атап өтті.

Елордада «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті басталды


Балам Қазақ ұлттық өнер университетінде 4-сыныптан бері оқиды. Өзі өнерге жақын. Ұлым байқауға қатысып, грант ұтып алғаннан кейін «Juzz Band» деп аталатын топты құрды. Топтың мүшелері Ертайдың бала кезінен бірге келе жатқан сыныптас достары. Бүгін олардың топ ретінде концерт өткізіп жатқанына қуаныштымын, - деді ол. 

 «Juzz Band» тобының мүшелері концертте Дархан Жүнісбековтің құрметіне әншінің әнін шырқады. Жаңадан құрылған топтың концертін тамашалауға барша өнерсүйер қауым жиналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға