Жаңалықтар

Елордада гендерлік саясат жөнінде конференция өтеді

Ғылыми конференция шеңберінде арнайы жинақ дайындалады
Елордада гендерлік саясат жөнінде конференция өтеді
Фото: twitter.com 04.11.2022 17:25 1837

17-18 қараша аралығында Астана қаласында «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыты:

  • Қауіпсіз және сау балалық шақ.
  • Қазақстандағы отбасы институтының болашағы.
  • Қазақстанның демографиялық даму перспективалары.
  • Репродуктивті құқықтар және отбасын жоспарлау.
  • Қазақстандағы гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл.
  • Қазақстан: гендерлік тең құқық жолында.

Ғылыми конференция шеңберінде арнайы жинақ дайындалады. Жинаққа арналған мақалалар 2022 жылғы 23 желтоқсанға дейін Конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша қабылданады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырады.Бұ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға