Жаңалықтар

Елордада еврейлердің «Пурим» жаңару мерекесі атап өтілді

Елордада еврейлердің «Пурим» жаңару мерекесі атап өтілді
26.03.2019 05:51 2199

Елордадағы Достық үйінде «Алеф» еврей мәдени-танымдық және қоғамдық саяси қауымдастығы» елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, жаңарудың мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Биыл бұл мейрам Наурызбен тұспа-тұс келіп отыр. 

Пурим – карнавалдық мейрам, келген қонақтар әдемі киініп, өзі және дәстүр туралы, киген костюмы туралы айтып берді. Іс-шара барысында 2000 жылдық тарихы бар ежелгі мереке жөнінде деректер баяндалып, қонақтар бір-бірін құттықтады. Сондай-ақ, балалар түрлі флешмобтар ұйымдастырып, ән айтып, көңілді би орындады. Сонымен қатар, дәмді дастархан әзірленіп, тәтті тоқаштар жайылды.

«Бүгін бірнеше ғасырлық тарихы бар еврей дәстүрі бойынша көңілді «Пурим» мерекесін атап өттік. Қазақстанда тұрып жатқан барлық еврей халқы бұл мерекені аса қуанышпен атап өтеді. Жаңару мерекесінде қоғамымызда да біршама өзгерістер, жаңарулар болып жатыр, алдағы уақытта да осындай достықты сақтай аламыз деп сенемін. Барлық қазақстандықтарға елімізде бейбіт аспан астында  бір-бірімізді құрметтеп, бір шаңырақ астында тұрып жатқанымызды ұмытпай, ортақ мүдде үшін қызмет етуімізді тілеймін. Ол идея - әлемнің қалыптасқан елдері қатарына еніп, құрметке, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізінде елдегі бейбіт пен келісімді сақтай отырып, балаларымыз бен болашақ ұрпағымыздың алғысына бөлену. Барлық басшылыққа бүгінгідей мерекеміз бен дәстүрімізді еркін өткізуге мүмкіндік жасалғаны үшін алғыс айтқым келеді,» - деп «Алеф» еврей қауымдастығы төрағасының орынбасары Николай Горбунов өз тілегін жеткізді.

Аталмыш мереке елордалық еврей мәдени орталығы және Қазақстан-Израиль достық қауымдастығы негізінде ұйымдастырылды, сондай-ақ оған достары, жақындары мен туыстары бар басқа этномәдени орталықтардың өкілдері  қатысты.

«Үй мен көрші болып мерекелеу ортақ дәстүрімізге айналған, өйткені біз ортақ шаңырақ астында өмір сүреміз», - дейді ұйымдастырушылар мен мерекеге қатысушылар. Бұл мереке де жаңаруды, жақсылықтың зұлымдықты жеңуін білдіретін мереке екенін атап өткен жөн.

Аман құлақшалары»)  Пурим мерекесінде әзірленетін дәстүрлі тағам

Оқи отырыңыз:

КӨКШТАУДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА КИІЗ БАСУ, ҰРШЫҚ ИІРУ, ИІРІМ ЖІПТІ ӨҢДЕУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БҚО ҚХА ЭТНОСТАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА РУМЫН ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға