Жаңалықтар

Елордада есірткі сатқан дәмхана анақталды

Гашиш «ыстық бәліш» сөзімен бүркемеленіп сатылған.
Елордада есірткі сатқан дәмхана анақталды
Фото: polisia.kz 03.09.2022 01:30 995

Елорда дәмханаларының бірінде гашиш «ыстық бәліш» сөзімен бүркемеленіп сатылған, деп хабарлады El.kz. 

Үй тағамдары әзірленетін кафелердің бірінде есірткі сатқаны үшін 52 жастағы иесі ұсталды.

Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған «гашиш» салынған 56 қағаз орамасы табылды.

Сол жерден есірткі сатқаннан алынған 2,5 млн теңге сомасындағы ақша болған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмнан асады.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға