Жаңалықтар

Елордада «Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы» тақыбырында семинар өтті

Елордада «Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы» тақыбырында семинар өтті
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 14.12.2023 17:44 4194

Астанада түркітілдес журналистер қорының ұйытқы болуымен «Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семинар барысында журналистерге «Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесі» туралы ақпарат берілді. «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сағынбайқызының айтуынша, Қазақстандағы мұнай өндірудің жалпы көлемінің 30 пайызын ТШО өндіреді.

Елордада «Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы» тақыбырында семинар өтті

ТШО-ның 1 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі жергілікті шығындары сатылымның 1 миллион АҚШ долларына ұлғаюына және Қазақстанда 59 жұмыс орнын құруға әкелді. ТШО Қазақстанның номиналды ЖІӨ-нің 11 пайызын ынталандырды. «Шеврон» қолдайтын жұмыс орындарында 96 мың адам жұмыс істейді. Орташа жалақы жылына 737 миллион долларды құрайды, – деді Айнұр Сағынбайқызы.

Сондай-ақ спикер ТШО лауазымдарының 95 пайызы Қазақстан азаматтары екенін (1993 жылғы 50 пайызбен салыстырғанда) атап өтті.

Аталған семинарда Қазақстан мұнай сервисі компаниялар одағының төрағасы Нұрлан Жұмағұлов мұнай-газ, баға саясаты, салық, газдандыру, құбырлардың экспорттық маршруттары туралы біраз ақпарат айтты. Мәселен, оңтүстік өңірлерде, соның ішінде Қызылордада мұнай өндіру деңгейі төмендеп кеткен.

2012 жылы 10 миллион тонна болса, өткен жылы тек 4 миллион тоннаны құрады. Жыл сайын 10-15 пайызға төмендеуде. Бұрын Қызылордадан Қытайға мұнайды құбыр арқылы экспорттаған болсақ, қазір ол құбырға мұнай жоқ. Тіпті Шымкент мұнай өңдеу зауытында мұнай жетіспей жатыр. Қазіргі таңда Ресейдің арқасында Сібірдің мұнайы Павлодарға, одан кейін Шымкентке келіп жатыр, – дейді спикер.

Бұдан өзге ол Қазақстанның мұнай экспортының 98 пайызы Ресей арқылы жіберілуде екенін айтты. Сонымен қатар өңірлерді газбен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды.

Айта кетейік, түркітілдес журналистер қоры алдағы уақытта осындай тақырып төңірегінде семинарларды жиі өткізіп тұруға ниетті. Семинар соңында журналистерге сертификат берілді. 

Елордада «Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы» тақыбырында семинар өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға