Жаңалықтар

Елордада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды

Астанада қатты аяз болып тұр.
Елордада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды
Фото: ulysmedia.kz 05.12.2022 12:05 1095

Елордада түстен кейін оқитын 0-6 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 желтоқсан күні екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінде.

Еске салсақ, елордада бүгін таңды ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ онлайн өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға