Жаңалықтар

Елордада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

Астанадан 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды
Елордада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты
Фото: gov.kz 14.01.2023 16:20 828

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды. 

14 қаңтар күні таңертең қала бойынша қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 3 038 рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 152 748 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Сол сияқты қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға