Жаңалықтар

Елордада дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобының құрамы бекітілді

Елордада дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобының құрамы бекітілді
Фото: Астана қаласының әкімдігі 24.01.2023 15:22 1109

Астана қаласының әкімдігі діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің құрамын бекітті деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған құрам түрлі салада еңбек еткен белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдардан құралған. Бұл құрамдағы 36 адамның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жыл бойы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат, конфессияаралық келісім мен Қазақстанның дәстүрлі рухани құндылықтары мәселелері бойынша қала тұрғындарымен 700-ден аса кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға