Жаңалықтар

Елордада блогерлер мен спортшылар арасында баскетболдан турнир өтті

Елордада блогерлер мен спортшылар арасында баскетболдан турнир өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 02.09.2023 16:53 792

Елордалық NS Street Life спорт алаңында жастар арасында баскетболдан турнир өтті. Турнирге белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қатысушылар арасында әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы Сергей Цырульников, ММА спортшысы Василий Тахтай, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов, қазақстандық кәсіби баскетболшы және ұлттық құраманың ойыншысы Антон Пономарев және өзге де белгілі тұлғалар бар. 

Бұл ойын қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып, достық мақсатта өтті. Біз осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізгіміз келеді. Балаларды қызықтырып, олардың спортқа деген қызығушылығын ояту керек.
Баскетбол жастар арасында өте танымал. Ең бастысы – салауатты өмір салты және ылғи да кез келген ауа райында спортқа дайын болу, - деді жаттықтырушы Азамат Құбышев. 

Іс-шараны елорда әкімдігі мен «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Басты мақсат – жастарды салауатты өмір салтына баулу және командалық спорт түрлерін дамытуға бағытталып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға