Жаңалықтар

Елордада бизнес-идеяларға өтеусіз грант бөлінеді

19 қыркүйекте грант алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады.
Елордада бизнес-идеяларға өтеусіз грант бөлінеді
Фото: inbusiness.kz 15.09.2022 03:38 809

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында елордада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде гранттар бөлінеді, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 қыркүйекте грант алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады.

IV лекте 340 өтінімді қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде 224-і - жастар үшін және 116-сы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қарастырылған.

Өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

Биыл гранттар халықтың нақты бір топтары үшін ғана көзделетінін айта кету керек. Олар:

  • 29 жасқа дейінгі жастар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • көпбалалы отбасы мүшелері - көпбалалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
  • асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • қоныс аударушылар, қандастар;
  • жұмыс істей алатын мүгедектігі бар жандар;
  • асыраушысынан айрылған адамдар - асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар;
  • мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын тәрбиелеп отырған адамдар жатады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға