Жаңалықтар

Елордада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды
Елордада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді
Фото: pixabay.com 15.08.2022 11:07 677

Елордада көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты № 18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағыттарындағы қоғамдық көліктердің бағыттары уақытша өзгерді,– деп хабарлайды El.kz.

«Сауран көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазды City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасына.
Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға