Жаңалықтар

Елордада алимент төлеуден жалтарған 40-тан астам адам жауапқа тартылды

Елордада алимент төлеуден жалтарған 40-тан астам адам жауапқа тартылды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.03.2024 08:23 340

Астана қаласында алимент төлеуден жалтарып жүрген 43 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласының Әділет департаментінің Әкімшілік тәжірибе бойынша аумақтық бөлімі борышкерлерге қатысты 102 хаттама жасады. Оның ішінде алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты 43, сондай-ақ берешек сомасын өндіріп алу жөнінде – 53 әкімшілік хаттама.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес алимент бойынша 10 борышкер 1-ден 5 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Әкімшілік мерзімін өтеу үшін борышкерлер Астана қаласы полиция департаментінің арнайы қабылдау мекемесіне жеткізілді. Бұдан басқа, 82 борышкер әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға