Жаңалықтар

Елордада 66 медициналық ұйым оңалту қызметін көрсетеді

Елордада 66 медициналық ұйым оңалту қызметін көрсетеді
Фото: © El.kz 24.11.2023 20:24 492

МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің ішіндегі басым бағыттардың бірі – оңалту шаралары. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ медициналық аппараттар саны, емдеу тәсілдері көбеюде.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылы оңалту қызметтерін көрсететін 66 медицина ұйымымен келісімшарт жасады. Олардың: 23-і – мемлекеттік, 40-ы – жекеменшік, 3-еуі –республикалық медицина ұйым.

2023 жылы Астана қаласы бойынша оңалту қызметіне бөлінген қаржы 9,2 млрд теңгені құрайды, - деп атап өтті баспасөз мәслихатында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ елорда филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

2023 жылдың 9 айында елордада МӘМС жүйесінде шамамен 6,5 млрд теңге сомасына 1 064 291 медициналық оңалту қызметі көрсетілді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға