Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады. Осы негіздер бойынша биыл ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:
1) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
3) ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).
Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз.
Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен («Кепілдік объектілері» қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады («Сертификаттар» қойындысы).
Егер тұрғын үй құрылысына қатысты мәселеге тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Елордада 37 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр: Бас прокуратура дабыл қақты
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?