Жаңалықтар

Елорда «сары» аймаққа жақындап келеді

Екі аптада қаладағы сырқаттану деңгейі 9,5 есе артқан
Елорда «сары» аймаққа жақындап келеді
Фото: elorda.info 20.07.2022 14:07 2030

Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиолоиялық жағдай «сары аймаққа» жақындап қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz

«Елордада жалғасып жатқан SARS-CoV-2 вирусының «омикрон» штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі күйде қалып отыр. Егер 22 маусым мен 5 шілде аралығындағы екі апта ішінде 414 жағдай тіркелсе, 6 шілде мен 19 шілде аралығындағы екі аптаның ішінде коронавирус инфекциясымен науқастанудың 3970 жағдайы тіркелді», деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, кейінгі екі аптада қаладағы сырқаттану деңгейі 9,5 есе артқан.

«Тәулігіне жаңа жағдайлардың санын тіркеу 586 жағдайға жетті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша, елордамыз «сары» аймаққа жақындап келеді», деді Сархат Бейсенова.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға