Жаңалықтар

Елорда тұрғындарының МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәселесі талқыланды

Елорда тұрғындарының МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәселесі талқыланды
Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ 01.12.2023 02:38 537

Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылуы бойынша штаб отырысы өтті. Отырыста тұрғындардың уақытылы медициналық сақтандырылу мәселесін қарастырды. Елордамыздағы МӘМС жүйесі жайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов баяндады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылдың соңғы 31 қазанындағы мәліметке сүйенсек, елорда тұрғындарының саны - 1 402 002. 

Медициналық сақтандырылғандар саны - 1 143 567 (85,6%), ал 258 435 қала тұрғыны сақтандырылмаған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2023 жылғы 16 қарашада 3,6 млн. сақтандырылмағандар тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына берді. Ол жерде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №267 «Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, барлық азаматтар A, B, C, D, E әлеуметтік әл-ауқат деңгейлері бойынша бөлінген. Яғни, 16 қарашадағы деректер тұрғындарды МӘМС-ке тарту динамикасын мониторингілеудің бастапқы нүктесі болып табылады.

Қазіргі уақытта МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар базалық анализ талдауларынан бастап құны қымбат оталарға дейінгі барлық қажетті медициналық көмекті ала алады. Медициналық қызметтерді мемлекеттік медицина ұйымдарымен қатар, Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасаған жекеменшік клиникалар да ұсынады, - деп мәлімдеді өңірлік штаб отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

Қор Астана қаласы бойынша 2023 жылға жоспарланған  медициналық көмек көлемі бойынша өтінім берген 172 медицина ұйымымен келісімшарт жасап, жұмыс істеуде. Олардың ішінде, жекеменшік ұйымдар – 133 (77%), мемлекеттік медицина ұйымдары – 39 (23%). 2023 жылы жаңадан қосылған медициналық қызмет жеткізушілер саны – 55.

2023 жылы МӘМС және ТМККК бойынша медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 10,6%-ға артты.

Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия тағы да басқа профильдер бойынша жүздеген құны қымбат операциялар жасалып жатыр. Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше миллион тұрады.

Астана қаласының медицина ұйымдарына 12,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінді, оның ішінде: ТМККК аясында - 4,5 млрд теңге; МӘМС жүйесінде - 7,7 млрд теңге, - деп мәлімдеді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директоры Ербол Бекмұхамбетов.

Филиал басшысының айтуынша, қосымша қаржы қаражаты кардиохирургия, нейрохирургия, ЭКО, трансплантология, медициналық оңалту және консультациялық-диагностикалық көмек, және басқа да жоғары технологиялық медициналық қызметтер мәселелерін шешуге бағытталған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 10 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 2 млрд.теңгеден астам сомаға медициналық қызмет көрсету барысындағы бұрмалаушылықтарды анықтады. Оның ішінде 1,3 млрд.теңге сомасына - МӘМС жүйесінде, 800 млн. теңге сомасына - ТМККК шеңберінде бұрмалаушылықтар болды. Айта кету керек, емдеу-диагностикалау шараларының денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан негізсіз ауытқу жағдайлары, өз кезегінде емдеу сапасының жеткіліксіздігіне алып келеді және пациенттің емдеу нәтижесіне көңілі толмайды, - деп толықтырды деп ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Е.Бекмұхамбетов. 

Пациенттердің шағымдары бойынша жоспардан тыс 191 мониторинг жасалды, оның ішінде 84 шағым расталды және оның нәтижелері бойынша экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.

Жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша ұсталған сомалар тұрғын халыққа неғұрлым сапалы көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлінеді, - деп толықтырды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы директорының орынбасары С.Болысбекова.

ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор медициналық қызмет жеткізушілеріне ақы төленеді.

ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге қормен шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Қызмет жеткізушіге қойылатын бұл талаптар шартта жеке тармақпен бөліп көрсетілген және олардың орындалуы Қор тарапынан бақыланады.

Пациент құқығын қорғау мақсатында Филиал алдағы уақытта да тұрғын халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасының жақсаруын бақылау бағытындағы өз жұмысын жалғастырады.

Медициналық көмек бойынша қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1414 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,  Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға