Жаңалықтар

Елорда тұрғыны көлігімен аса ірі мөлшерде есірткі тасыған

Елорда тұрғыны көлігімен аса ірі мөлшерде есірткі тасыған
Фото: Polisia.kz 14.10.2022 22:36 797

Ақмола облысының полицейлері елорда тұрғынынан мефедрон мен 250-ден астам есірткі бумасын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, 30 жастағы елорда тұрғыны аса ірі мөлшерде Астана, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына мефедрон мен тұз синтетикалық есірткілерін жеткізумен және өткізумен айналысқан.

«12 қазанда Ақмола полицейлері арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің көмегімен операция нәтижесінде Көкшетау қаласына кіреберіс жолда, «Құлагер» қонақ үйінің жанында Астана қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті рұқсатсыз тінту барысында капоттың астынан сарғылт түсті, ұнтақ консистенциялы, ерекше иісі бар, мөлдір скочпен оралған үлкен полиэтилен байламы (шамамен 200 грамм мефедрон), сондай-ақ қара түсті изолентамен оралған 256 бума қызыл және сарғылт түсті ұнтақ заты (салмағы шамамен 150 грамм) табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға