Жаңалықтар

Елорда полицейлері көктайғаққа байланысты ескерту жасады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.
Елорда полицейлері көктайғаққа байланысты ескерту жасады
Фото: azh.kz 23.10.2022 01:07 1943

Елордалық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады, деп хабарлайды El.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қиын жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Көлік құралын басқару күрделене түседі, яғни апат ықтималдығы артады. Қала жолдарында және жекелеген учаскелерінде, атап айтқанда жол өткелдерінде, айналма жолда көру мүмкіндігінің шектелетінін ескеру қажет, көктайғақ болуы мүмкін. Астана - Щучинск бағыты бойынша тасжол ауа райына байланысты жабылатынын хабарлаймыз. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін сақтаңыздар, жолда өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау қажет. Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде көліктің тежегіш мүмкіндігі ылғалды және тайғақ жолда ұлғаятынын ескеру қажет», - деп атап өтті полиция.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға