Жаңалықтар

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды
Фото: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ 10.04.2024 08:40 303

10 сәуірде ораза айты мерекесі басталды. Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.

Отыз күн ораза аяқталып, ораза айт басталды. Бүгін Астана қаласында сағат 7:00-де айт намазы оқылып, барша мұсылман мерекені тойлай бастады. Бір біріне айттап, жылы лебіз білдіретін күні Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқын қасиетті мейраммен құттықтады. «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» делінген президенттің құттықтауында.

Айт намазына ағылған халықтың қарасы қалың. Сағат алты болмай «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің іші лық толды. Уағызды ықыласпен тыңдаған халық бір-бірімен иық тіресіп, сап түзеп, айт намазын оқыды.

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар 11 наурыздан бастап, 9 сәуірге дейін Рамазан айының 30 күнге созылған оразасын ұстады.

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды

El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға