Жаңалықтар

«Елорда кубогы»: қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алды

«Елорда кубогы»: қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алды
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 03.07.2023 09:31 1188

Қазақстандық боксшылардың халықаралық «Елорда кубогы» турнирінде қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер мен әйелдер арасында чемпион атанғандар 700 доллардан, күміс жүлдегерлер – 400 доллар, ал қола жүлдегерлер 200 доллардан алды.

Ерлер сапынан жеті боксшымыз жеңімпаз атанды: Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Нұрқанат Райыс, Абзал Құттыбеков пен Сағындық Тоғамбай.

Жеңімпаздардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.

Оқи отырыңыз:

Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан Барысы – 2023» жеңімпазы атанды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов теннистен жарысқа қатысты

Әйелдер арасында сегіз бойжеткеніміз үздік шықты: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Виктория Графеева, Римма Волосенко, Наталья Богданова, Жасмин Қизатова және Елдана Тәліпова.

Осылайша Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары жалпы 11 200 доллар сыйақы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға