Жаңалықтар

Елорда әуежайы маңындағы өрт сөндірілді

Елорда әуежайы маңындағы өрт сөндірілді
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 13.04.2023 19:45 912

Астана әуежайының маңында өрт сөндірілді. Құрғақ шөп өртенген аймақ 3 гектарға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астаналық гарнизон өрт сөндірушілерінің күшімен әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы 3 гектар алаңда сағат 18.48-де сөндірілді. Естеріңізге сала кетейік, өрт сөндіру техниканың жану аймағына баруы қиын болғаны, желдің өрттің таралуына ықпал етуі өртті сөндіруді қиындатты, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде таралған видеоларға қарағанда, өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындап қалған.

Халықаралық әуежай мәліметінше, бұл жайт әуе рейстерінің уақытына кері әсер еткен жоқ. Яғни Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

 Өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға