Жаңалықтар

Астанадағы өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындады

Астанадағы өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындады
Фото: gov.kz 13.04.2023 16:27 835

Астана әуежайының маңында құрғақ шөп өртеніп жатқан аймақ бірнеше сағат ішінде 3 гектарға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бейсенбі күні сағат 12:28-де өрт сөндіру бөлімшелері халықаралық әуежайды бет алды. Бір гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, олар өртті сөндіруге кіріскен.

Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамнан 40 адам және Астана ТЖД 5 техникасы мен қала әкімдігінің 4 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті ауыздықтауға екпінді жел мен шөптің құрғақтығы кедергі болуда», - делінген қалалық ТЖД таратқан мәліметте.

Әлеуметтік желілерде таралған видеоларға қарағанда, өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындап қалған.

Халықаралық әуежай мәліметінше, бұл жайт әуе рейстерінің уақытына кері әсер еткен жоқ. Яғни Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға