Жаңалықтар

Астанадағы әуежай маңында өрт шықты

Астанадағы әуежай маңында өрт шықты
Фото: Видеодан кадр 13.04.2023 15:13 863

Астанадағы халықаралық әуежайы маңында қамыс өртеніп, ұшақтар қою түтінде ұшып жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшесі халықаралық әуежай жаққа қарай шақырту бойынша жолға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде қураған ағаштар мен қамтыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1 гектар болады», - деп мәлім етті Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Еліміздің Азаматтық авиация комитеті өртке қатысты түсініктеме берді.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп мәлімдеді комитеттен.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға