Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek 29.04.2023 15:15 809

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Ақтау Сити» ТК, «Sapsan» ТК, «Қазанат 2» ТК, «Әскер 1» ТК проблемалы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесті. Нысандарда құрылыс жұмысы тоқтап тұр немесе қарқыны өте баяу. Құрылыс салушылардың нашар әдеті бар – көзге көріну үшін арнайы техникаларды тек тұрғындармен және мемлекеттік органдармен кездесу кезінде ғана жеткізеді», – деп жазды елорда әкімі.

Аталған тұрғын үй кешендері бойынша бірқатар құрылыс салушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылды.

«Осы тұрғын үй кешендерінің аяқталуын бақылауда ұстайтын боламыз. Құрылыс компаниясына қарқынды жұмыс жүріп жатқанын тек көзге көріну үшін ғана жасауына жол бермейміз. Құрылыс жұмыстарының нақты қарқыны болмаса, іс қозғау үшін құзырлы органдарға жүгінетін боламыз. Өйткені бұл үйлер бірнеше жыл бұрын аяқталуы керек еді», - деді Жеңіс Қасымбек.

«Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарға келетін болсақ, биыл қалған объектілерді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни, бұл 30-дан астам тұрғын үй», – деп жазады Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға