Жаңалықтар

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері
Фото: El.kz 07.03.2023 11:00 3062

El.kz ақпараттық агенттігі – еліміздегі ең сенімді ақпарат көзі. 2022 жылдың 1 қарашасында порталдың 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бүгінгі таңда еліміздегі ең үздік ақпараттық үш сайттың қатарына кірді.

Бүгінде ұжымның бас редакторы Гүлмира Билялова, шығарушы редакторлар Олжас Сәндібек пен Шыңғыс Майсейт және шығармашылық қабілеті мен қарымы мықты жас мамандар жұмыс істейді. Ақпараттық порталдың оқырманы және ұжым мүшесі ретінде журналистердің пікірін білдік.  

Амангүл Тілей – арнайы тілші

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері

«El.kz ақпараттық агенттігі халық пен билік арасындағы алтын көпір. Біз қоғамда, саясатта және билікте не болып жатқанын қарапайым халыққа қалтқысыз жеткіземіз. Тынбай еңбектенгеніміздің нәтижесінде ақпарат саласының үздік үштігіне кірдік. Бұл – біздің адал еңбегіміздің көрінісі мен бағасы деп білемін. Осының арқасында жігерленіп, көптеген жобаларды іскер асыру үстіндеміз. Мұның барлығы тек көзіқарақты оқырмандар үшін. El.kz – креативті жандардың ортасы. Алғашқы жұмыс күнімнен бастап мұны түсіндім. Бүгінде ұжымның бір мүшесіне айналғаныма жарты жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында тәжірибесі мол редакторлар мен әріптестерімнен үйренгенім көп болды. Әлі де үйренетін дүниелер бар деп есептеймін».

Бақытжан Отарбаева – арнайы тілші

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері

"Жаңа жылды жаңа ақпарат ордасынан бастадым. Ол – El.kz ақпараттық агентігі. Біздің порталда қоғамның барлық салаларын қамтуға тырысамыз. Жақында El.kz интернет желісінде ақпарат тарататын сайттардың ішінде үздік үштікке енді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш және жауапкершілік. Өйткені бұл – оқырмандарымыздың бізге деген сенімінің көрсеткіші. Өзекті тақырыптарды көтерген кезде әр журналист әр қырынан қарап, өзінің шығармашылық қарым-қабілеті арқылы ерекшеленеді. Ұжымда жастар мен журналистика салысының білікті мамандары жұмыс істейді. Басшылық әрдайым креативті ойларды қолдайды. Ұжымға келгеніме ұзақ уақыт болмаса да, түйген-білгенім көп болды. Маман ретінде де, оқырман ретінде де порталдың ақпараттарын жоғары бағалаймын. Себебі әлеуметтік, мәдени, спорт, саясат және өзге де маңызды тақырыптар қамтиды және жедел әрі тексерілген ақпарат көздеріне ғана жүгінеді". 

Ажар Лаубаева – тілші

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері

"El.kz ақпараттық агенттігі – тура бір пазл секілді. Қоғамның әр саласын жеке қамтып, оқырманға қажетті ақпарат көздерін жеткізеді. El.kz-тің мен үшін орны бөлек. Алғаш жұмыс жолымды дәл осы БАҚ-тан бастадым. Білімім мен біліктілігімді тәжірибелі аға буынның арқасында шыңдай түстім. Небәрі жарты жыл ішінде Қазақстандағы ең үздік сайттардың қатарына кірдік және дәл осындай үздік ортада жұмыс істеу мен үшін құрмет. Бұл ұжымның талмай еңбектеніп, бірлесе жеткен жетістігі деп білемін. Біз үшін оқырмандарымыздың талап-тілегі мен қалауы қашанда маңызды. Ақпараттық агенттік халқын алда әлі түрлі қызықты материалмен қуантуға ниетті. Сондықтан ұжымымызға қуана-қуана журналистика саласының түлектерін шақырамыз".  

Айым Даниярова – тілші

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері

"El.kz – конвергентті журналистиканы қолға алып жатқан бірден бір ақпарат көзі.  Бұл арқылы ұжым өзін әртүрлі бағытта сынай отыра, сонымен қатар үш тілділікті жетілдіріп Қазақстанның алдыңғы қатардағы БАҚ-на айналмақ. El.kz ютуб платформасында ELмен бірге жобасы жұмыс істейді. Атауы айтып тұрғандай, біз елмен бірге жұмыс істейміз. Сондықтан біз кез келген аймақтың мәселесі мен қатар қуанышын барлық отандастарымызға жеткіземіз".

Миражан Махан – тілші 

El.kz-тің елге шынайы ақпарат таратып жүрген тілшілері

"El.kz ақпарат агенттігі баспалдақ секілді өз ізімен көтеріліп келе жатқан ақпарат ордасы. Ақпарат жазумен шектеліп қана қоймай, оның себеп-салдарын анықтауға тырысып, үнемі репортаж бен эксклюзивті сұхбаттарды ұсынатын алаң. Мұнда өз ісінің үздік мамандары мен креативті жастар жұмыс істейді. Сонымен қатар басшылықтың қатарында белгілі журналист Махат Садық қызмет атқарады.  El.kz – үш тілде ақпарат тарататын бірден бір портал. Сондықтан порталдың жұмысымен Қазақстан ғана емес, барлық әлем танысуға мүмкіндік беретінін көрсетеді".

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға